Жаңалықтар

Еврокоды: от теории к практике
 «ҚазҚСҒЗИ» - әртүрлі мақсаттағы құрылыс және геотехникалық құрылыстарды есептеу және жобалау үшін MIDAS бағдарламалық кешендерін тәжірибелік қолдану бойынша техникалық семинар өтті. Аталған бағдарламалар Еуропалық стандарттарды (Еурокодтарды) қолдана отырып жобалау үшін қолданылады.
Семинарға ҚазҚСҒЗИ негіздер, іргетастар және сейсмикалық микрозондау секторының, сондай-ақ ақпараттық модельдеу орталығының қызметкерлері қатысты.
Толығырақ

Қазақстандық мамандар құрылыс материалдарын Еурокодтарға сәйкес тексерудің неміс тәжірибесін зерттеді

Жақын уақытта Қазақстанның құрылыс саласын ауқымды өзгерістер күтіп тұр: конструкцияларды жобалау жаңа нормативтік базаға сәйкес, сонымен бірге Еуропалық стандарттарды (Еурокодтарды) пайдалана отырып, жүргізілетін болады деп жоспарланып отыр. Ауқымды реформалаудың шеңберінде, қазақстандық мамандар құрылыс материалдарын Еурокодтарға сәйкес тексерудің шетелдік тәжірибесін зерттеп жатыр. Толығырақ

Еурокодтарды енгізу кезіндегі жетістіктер мен тосқауылдар туралы «Атамекен» ҰКП-да айтып берді

2019 жылдың 23 мамырында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында бейнеконференция режимінде «Қазақстандағы Еурокодтарға сәйкес ҚР ЕЖ EN қолдану» тақырыбына арналған мәжіліс өтті. Толығырақ

 

Еурокод 7 сәйкес топырақтарды алаңдарда сынау

ҚазҚСҒЗИ мамандары алаңдарда топырақтарды қалыппен сынауды жүргізді, сынау әдістемесі Еурокод 7 "Геотехникалық жобалауда" көрсетілген.Толығырақ

Азиялық газ құбырының мамандары Еурокодтар бойынша оқытудан өтіп жатыр

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ Корпоративтік университеті республиканың құрылыс саласының мамандары үшін "Ғимараттар мен құрылыстарды жобалауда және құрылысын салуда Еурокодтарға ұқсас ҚР ЕЖ EN құрылыс нормаларын қолдану" курсы бойынша оқыту жүргізуді жалғастырып жатыр. Толығырақ

Еурокодтарға сәйкес сейсмикалық оқшаулау

Қазақстанда шамамен 6 миллион адам сейсмикалық өңірлерде тұрады, сондықтан сейсмикаға төзімді құрылысты дамыту - біздің еліміз үшін өзекті тақырып. Толығырақ

Қадалардың алаңдық сынаулары

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ сарапшылары бұрғытолтырмалы қадалардың статикалық сынауларын жүргізді.
Құрылыс кезіндегі қадалардың алаңдық бақылау сынауларын қадалардың тірек қабілетін қадалық іргетастың жобасында белгіленген есептік жүктемелерге сәйкестігін тексеру мақсатында жүргізеді. Толығырақ

 

Алғаш рет Қазақстанда Дилатометр Маркетти құралын пайдалана отырып топырақтардың алаңдық сынаулары жүргізілді

Дилатометр Маркетти DMT және SDMT итальяндық құралының өнертапқыштары топырақ сипаттамаларын жоғарғы дәлдікпен анықтау үшін ең жаңа құралдың оқытушылық және практикалық сынаулар қатарын жүргізу үшін Қазақстанға келді. Толығырақ

 

ҚазҚСҒЗИ қызметкерлері георадиолокация саласында оқытудан өтті

2020 жылдан бастап Қазақстан құрылыстағы еуропалық нормаларға (Еурокодтарға) өтеді, олар конструкциялардың сенімділігіне қойылатын жоғары талаптарды ұйғарады. Толығырақ

 

 

Соколов-Сарыбай комбинатының жобалаушылары Еурокодтар бойынша оқытудан өтті

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ Корпоративтік университеті 2019 жылдың 18 ақпанынан 22-сіне дейін "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірісі бірлестігі" АҚ ("ССКӨБ" АҚ) мамандары үшін "Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және құрылысын салу кезінде Еурокодтарға ұқсас ҚР ЕЖ EN құрылыс нормаларын қолдану" курсы бойынша оқыту жүргізді.Толығырақ