Еурокодтарды енгізу кезіндегі жетістіктер мен тосқауылдар туралы «Атамекен» ҰКП-да айтып берді

2019 жылдың 23 мамырында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында бейнеконференция режимінде «Қазақстандағы Еурокодтарға сәйкес ҚР ЕЖ EN қолдану» тақырыбына арналған мәжіліс өтті. Мәжіліске ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (ҚР ҚжТКШІК), «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның басшылары, бизнес-қоғамдастықтың мүдделі ұйымдары, құрылыс саласының мамандарын даярлайтын жоғарғы оқу орындары, сондай-ақ ҚР ҰКП барлық өңірлік филиалдары қатысты. Мәжіліс «Атамекен» ҚР ҰКП Президиумының Құрылыс, құрылыс материалдарының өндірісі және ТКШ комитеті басшысының төрағалығымен өтті.
Қазақстандағы Еурокодтарға ұқсас ҚР ЕЖ EN қолдану туралы баяндамасын «ҚазҚСҒЗИ» АҚ нормативтер әзірлеу жөніндегі орталық директорының орынбасары Н.Г.Досаев ұсынды. Баяндамада Еурокодтарға ұқсас ҚР ЕЖ EN жүйесін енгізу барысы туралы негізгі ақпарат айқындалды:
- 2010 жылдан бері өткен кезеңде қандай жұмыс атқарылды.
- кадрларды (ИТҚ) оқыту және қайта даярлау бойынша жұмыс қалай және қандай көлемде жүргізіліп жатыр.
- ҚР ЕЖ EN және ҚНжЕлер бойынша нақты құрылыс объектілерінің ғимараттары мен құрылыстарының тірек конструкцияларының салыстырмалы есептері бойынша ақпарат ұсынылған.
Баяндаманың соңында қалған проблемалық мәселелер: кадрларды даярлаудың және қайта даярлаудың жеткіліксіз көлемі және ҚР ЕЖ EN және ҚНжЕлер бойынша үлкен көлемде салыстырмалы есептер жүргізу қажеттілігі дыбысталды.
Іс-шараның қорытындылары бойынша ҚР-на Еурокодтарды бұдан әрі енгізу сатыларының барысы талқыланды.