Қадалардың алаңдық сынаулары

Қадалардың алаңдық сынаулары

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ сарапшылары бұрғытолтырмалы қадалардың статикалық сынауларын жүргізді.
Құрылыс кезіндегі қадалардың алаңдық бақылау сынауларын қадалардың тірек қабілетін қадалық іргетастың жобасында белгіленген есептік жүктемелерге сәйкестігін тексеру мақсатында жүргізеді.
Сынаулар сыналатынға ұқсас анкерлік бұрғытолтырмалы қадалардан тұратын жүктемелік қондырғының, қоставрдан жасалған метал арқалықтың көмегімен орындалды.
Қадалардың жүктелулері сатылы түрде, жүк көтерімділігі 200 т гидравликалық домкратпен жүзеге асырылды.
Туындайтын күш гидравликалық домкраттың сорғы станциясында орнатылған манометрдің көмегімен өлшенді, оған қоса статикалық және қысу күштерін жай өзгертетін "Электронды қысу динамометрі" құралы пайдаланылды.
Қадалардың орын ауыстыруы статикалық жүктемелердің жүктелуі кезіндегі сызықтық орын алмасуларды өлшеуге арналған ПСК-МГ4құрылғысының көмегімен өлшеу қорытындыларын мұрағатқа жедел енгізе отырып, оларды кейіннен құжаттандыру мүмкіндігімен ДК-ге деректерді жіберу үшін өлшенген.
«Осы құралдарды пайдалана отырып қадалардың топырақтарына алаңдық сынаулар жүргізу Еуропалық құрылыс нормаларында жазылған. Оған қоса, Еурокод-7-де осыған ұқсас талаптар МЕМСТ 5686-2012 Топырақтар. Қадалармен алаңдық сынаулар жүргізу әдістері Халықаралық стандартында жазылған", - деп айтып берді "ҚазҚСҒЗИ" АҚ Негіздер, іргетастар және сейсмикалық шағын аймақтандыру секторының аға инженері Нуркен Жамек.