Азиялық газ құбырының мамандары Еурокодтар бойынша оқытудан өтіп жатыр

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ Корпоративтік университеті республиканың құрылыс саласының мамандары үшін "Ғимараттар мен құрылыстарды жобалауда және құрылысын салуда Еурокодтарға ұқсас ҚР ЕЖ EN құрылыс нормаларын қолдану" курсы бойынша оқыту жүргізуді жалғастырып жатыр.
Осылайша, 2019 жылдың 22 сәуірінен бастап "Азиялық газ құбыры" ЖШС-ның 5 маманы оқытудан өтіп жатыр.
Сабақтарды "ҚазҚСҒЗИ" АҚ жетекші мамандары: Тулеев Т.Д., Есенберлина Д.И., Хомяков В.А., Кощеев Е.В., Омаров Ж.А., Алдахов Е.С. және басқалары жүргізіп жатыр.
2020 жылы Қазақстанның бүкіл құрылыс саласы ҚР ЕЖ EN 1990-1999 (Еурокодтарды) пайдалана отырып, ғимараттар мен құрылыстардың тірек конструкцияларын жобалауға өтетінін атап өтеміз.
Қазақстанда Еурокодтармен жұмыс істеу 2010 жылы басталды, ал 2015 жылдан бастап Еурокодтарды ҚНжЕ-лермен қатар пайдалану енгізілді. Еуропалық нормивтерді енгізуге жәрдемдесетін Ұлттық қосымшалары бар ҚР ЕЖ EN 1990-1999 әзірлеумен Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) айналысты.