Еурокодтар – бұл азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға арналған Еуропалық техникалық стандарттар. Олар соңғы 30 жыл бойы Стандарттау жөніндегі еуропалық ұйыммен (European Committee for Standardisation) әзірленген. Стандарттардың құрамына барлық құрылым түрлерінің құрылыс объектілеріне: болатқа, темірбетонға, ағашқа, кірпіш қалауға және алюминийге қойылатын талаптар кіреді.
Қазақстан Республикасының Еурокодтарға өтуі төмендегі мақсаттарда ескірген нормативтік-техникалық базаның реформасымен үйлестіру арқылы құрылыс саласын еуропалық және әлемдік жүйлермен біріктіру қажеттілігімен анықталған:
- сауда-саттықтағы техникалық тосқауылдарды жою және шетелдік инвестициялық жобаларды кедергісіз іске асыру;
- алдыңғы қатарлы шетелдік және отандық технологияларды, инновацияларды, жаңа материалдарды және бұйымдарды, тиімді техникалық шешімдерді, ғылыми және конструкторлық әзірлеулерді қолдану;
- заманауи нарықтық экономика жағдайларына, құрылыстық қызметтер нарығы субъектілерінің талаптарына жауап бермейтін нормалау, стандарттау, сәйкестікті бағалау әдістерін жетілдіру;
- мамандардың кәсіби деңгейін және олардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру;
- қазақстандық компанияларды құрылыс саласындағы шетелдік қызметтер нарығына шығару;
Жалпы, құрылыс мәдениетін көтеру үшін және жылжымайтын мүлік объектілерінің жоғарғы сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында.
Еурокодтар әлемнің 45-тен аса елдерімен мақұлданған және қабылданған әмбебап, икемді және ілгерінді нормалары болып табылады.
Әмбебаптылық - ғимараттар мен құрылыстардың барлық түрлерінің тірек конструкцияларын жүктемелердің мен әсерлердің, олардың комбинациялық жағдайлары мен үйлестірулерінің әрекеттеріне есептеу үшін қолданылады;
Икемділік – Ұлттық қосымшаларды әзірлей және қабылдай отырып, өзінің ұлттық ерекшеліктерін (табиғи-климаттық, сейсмологиялық, инженерлік-геологиялық, техникалық және экономикалық даму деңгейін және б.) ескере отырып, барлық елдер қолдана алады;
Ілгерінділік – әлемнің дамыған елдерінің алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық жетістіктерінен тұрады, үнемі жаңартылып тұрады, инновацияларды, ғылыми зерттеулер мен конструкторлық әзірлеулердің нәтижелерін жедел енгізуге мүмкіндік береді, ғылыми зерттеулерді ынталандырады.
2016 жылы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өкілдері CEN/ТК 250 «Құрылыс еурокодтары» және СEN/ТК 340 «Сейсмикаға қарсы қондырғылар» бақылаушылары ретінде енгізілді.