2020 жылдан бастап Қазақстан құрылыстағы еуропалық нормаларға (Еурокодтарға) өтеді, олар конструкциялардың сенімділігіне қойылатын жоғары талаптарды ұйғарады. Жаңа нормативтік база да құрылыс материалдары мен конструкцияларының сенімділігіне зерттеу жүргізуге ерекше талаптарды қояды. Еурокодтарға өтудің шеңберінде ҚазҚСҒЗИ эксперименталдық жұмыстардың барлық түрлерін Еурокодтарға сәйкес жүргізу үшін Орталық-сынау зертханасын жаңғырту шешімін қабылдады. Жаңа жабдықтардың 40-тан астам түрі сатып алынды, олар құрылыс материалдары мен конструкцияларын Еурокодтарға және халықаралық талаптарға сәйкес сынауға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде, ҚазҚСҒЗИ мамандары эксперименталдық жұмыстар жүргізу саласында ең заманауи әдістемелер бойынша тұрақты негізде оқытудан және біліктілігін арттыру курстарынан өтіп отырады.
Ақпан айының соңында негіздер, іргетастар және сейсмикалық шағын аймақтандыру секторының қызметкерлері "ГЕОТЕХ" ҒПО базасында(Мәскеу қ.) георадиолокация бойынша жеке оқыту курсынан өтті.
Оқыту бағдарламасында ҚазҚСҒЗИ мамандары георадиолокация, далалық жұмыстар жүргізу әдістемесін іс жүзінде қолдану саласында білімдерін жетілдірді, сондай-ақ қиманың жоғарғы бөлігін, жасанды құрылыстарды (оның ішінде жол үйінділерін) зерттеу кезінде георадиолокация мүмкіндіктерін зерттеді.