ҚазҚСҒЗИ мамандары алаңдарда топырақтарды қалыппен сынауды жүргізді, сынау әдістемесі Еурокод 7 "Геотехникалық жобалауда" көрсетілген.
Қалыппен сынау әдісі жобалаудың, құрылыс салудың алдында және топырақтардың нығыздалу сапасын бақылау кезінде топырақтардың деформациялық сипаттамаларын анықтау үшін ең нақты тәсілдерің бірі болып саналады.
Қалыппен сынаулар былай жүргізіледі: домалақ жазық немесе бұрандалық қалып домкрат арқылы кезең-кезеңмен (сатылармен) жүктеледі немесе жүкпен толтырылады. Жүктеме сатылармен ұлғаяды. Әр сатыда иілім өлшегіштердің немесе орын ауыстыру датчиктерінің көмегімен осы сатыдағы қысымға сәйкес келетін негіздің деформациясы өлшенеді.
Деректер өңделеді, журналға енгізіледі және қалып шөкпесінің қысымға тәуелдігінің кестесі құрылады. Алынған деректер бойынша топырақ деформациясының модулі анықталады.
Іс жүзінде көптеген сынаушылар "әдет бойынша" топырақтардың серпімділігі модулін тек қана зертханалық жағдайларда компрессиялық қысымдардың негізінде анықтайды. Бұл ретте деформациялық сипаттамаларды тек компрессиялық сынаулармен ғана анықтаудың нақтылығы осы сипаттамаларды қалыптармен анықтаудың сапасынан айтарлықтай (кейде еселеп) төмен болып шығады.
ҚазҚСҒЗИ мамандарының сейсмикаға төзімділік, ғимараттар мен құрылыстарды тексеру, зертханалық, алаңдық және эксперименталдық зерттеулер саласында үлкен тәжірибесі бар. 2018 жылы Институт Орталық сынау зертханасының жаңғыртуын жүргізді: эксперименталдық зерттеулер үшін 40-тан астам ең жаңа жабдықтар сатып алынды.