Жақын уақытта Қазақстанның құрылыс саласын ауқымды өзгерістер күтіп тұр: конструкцияларды жобалау жаңа нормативтік базаға сәйкес, сонымен бірге Еуропалық стандарттарды (Еурокодтарды) пайдалана отырып, жүргізілетін болады деп жоспарланып отыр. Ауқымды реформалаудың шеңберінде, қазақстандық мамандар құрылыс материалдарын Еурокодтарға сәйкес тексерудің шетелдік тәжірибесін зерттеп жатыр.
23 қыркүйектен 26 қыркүйекке дейін Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) мамандары жұмыс бабымен Германияға барып келді, ол жерде конструкциялар мен жабдықтарды қолдануға рұқсатты мемлекеттік бақылау және әзірлеу сапасын қадағалау функцияларын атқаратын инспектордлардың қызметін аккредиттеу және ұйымдастыру үдерісімен танысты. Делегация Еурокодтарға сәйкес жұмыстар регламентін зерттеуге айрықша назар аударды.
Сапардың шеңберінде, қазақстандық мамандар ғылыми қоғамдастық өкілдерімен – ең ірі мемлекеттік Штудгарт техникалық университетінің мұғалімдерімен кездесті.
Сондай-ақ ҚазҚСҒЗИ сарапшылары Германияда эксперименталдық зертханамен танысты, ол жерде қазақстандық мамандарға неміс әріптестердің сейсмикалық қорғаныс саласындағы соңғы әзірлемелері ұсынылды. Көбінесе, сейсмикалық қорғаныс конструкцияларының бірнеше түрлері ұсынылды: рекордтық ашылуларымен деформациялық жіктер, жаңа, мүлдем жуылмайтын жылжу материалы бар тірек бөліктер, нақты туындайтын тербеліс нысандарын оңтайлы өшіруге автоматты бапталатын тербелістерді өшіруге арналған жетіактілік бәсеңдеткіштер.
Жұмыс сарапының шеңберінде, қазақстандық мамандар MAURURSE зауытына барып кеді, ол 50 жылдан астам уақыттан бері өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс құрылымдары мен көлік инфрақұрылымының объектілеріне қорғаныс құру саласында жалпыға танылған әлемдік көшбасшы болып табылады.
Алынған тәжірибе қазақстандық мамандармен құрылыс материалдары мен конструкцияларын Еурокодтарға сәйкестікке тексеру жүйесін жетілдіру кезінде пайдаланылатын болады деп жоспарланып отыр.