«ҚазҚСҒЗИ» - әртүрлі мақсаттағы құрылыс және геотехникалық құрылыстарды есептеу және жобалау үшін MIDAS бағдарламалық кешендерін тәжірибелік қолдану бойынша техникалық семинар өтті. Аталған бағдарламалар Еуропалық стандарттарды (Еурокодтарды) қолдана отырып жобалау үшін қолданылады.
Семинарға ҚазҚСҒЗИ негіздер, іргетастар және сейсмикалық микрозондау секторының, сондай-ақ ақпараттық модельдеу орталығының қызметкерлері қатысты.
Модератор ретінде семинарды «МИДАС» ЖШҚ-ның техникалық маманы Сергей Лозовик және Midas Ресей және ТМД-ның техникалық консультанты Дина Назипова жүргізді.
Семинарда әр түрлі жағдайларда конструкция элементтері мен топырақ материалдары жұмысының теориялық мәселелері қарастырылды. Midas Gen ПК базасында құрылымдарды есептеу және жобалау, сондай-ақ Midas GTS NX ПК базасында кейбір геотехникалық құрылымдарды есептеу бойынша мастер-класс өткізілді. Семинарда MIDAS бағдарламалық кешендерін қолданудың әлемдік тәжірибесі көрсетілді.
Еске сала кетсек, ҚазҚСҒЗИ мамандары 2016 жылы тәжірибелік үлгі жобаны әзірледі: конструкцияны есептеу Midas Gen программалық қамтамасыз етудегі соңғы элементтер әдісімен орындалды, онда Eurocode 2 нормалары бойынша есептеу жүзеге асырылды.
Толығырақ төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыздар: EN-дегі жобалар