Алғаш рет Қазақстанда Дилатометр Маркетти құралын пайдалана отырып топырақтардың алаңдық сынаулары жүргізілді
Дилатометр Маркетти DMT және SDMT итальяндық құралының өнертапқыштары топырақ сипаттамаларын жоғарғы дәлдікпен анықтау үшін ең жаңа құралдың оқытушылық және практикалық сынаулар қатарын жүргізу үшін Қазақстанға келді.
ҚазҚСҒЗИ институты – 3 жазық Дилатометр Маркетти DMT және SDMT жиынтығын сатып алған жалғыз ұйым. Құрал Еурокодтар және ISO сияқты халықаралық стандарттарға сәйкес топырақтардың сынауларын жүргізуге мүмкіндік береді.
Құрал ҚазҚСҒЗИ Орталық сынау зертханасын ауқымды жаңғыртудың шеңберінде сатып алынды, сонымен бірге халықаралық стандарттарға сәйкес құрылыс материалдары мен конструкцияларының сынауы мен тексеруін жүргізуге мүмкіндік беретін 40-тан астам жаңа жабдықтар сатып алынды.
Итальяндық мамандардың ресми келуінің шеңберінде, 2 наурыз күні Геотехникадағы және сейсмикадағы Дилатометрді пайдалану бойынша ғылыми-техникалық семинар ұйымдастырылды.
Бұрын итальяндық мамандар «ҚазҚСҒЗИ» АҚ сарапшыларын Дилатометрмен жұмыс істеуге кешендік оқыту жүргізген.
Оқыту теориялық және практикалық бөліктерден тұрды, онда инженер, Дилатометрге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің әзірлеушісі Диего Маркетти құралдың мүмкіндіктері туралы айтып берді.
«1998 жылдан бастап Дилатометр топырақтардың сипаттамасын америкалық стандарттарға сәйкес, ал 2000 жылдан бастап Еурокодтарға және ISO сәйкес береді. Құралдың тиімділігі мен сенімділігі әлемнің 70-тен астам елдерінде мақұлданды.
Дилатометрді пайдалану Қазақстанға және ҚазҚСҒЗИ-ға халықаралық стандарттарға сәйкес топырақтарға зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді», - деп санайды Диего Маркетти, инженер және Studio Prof. Marchetti srl иесі.
Дилатометр топырақтың негізгі сипаттамаларына жоғары дәлдікпен баға беруге, CRR сұйылтуға кедергісін бағалауға, сазды еңістерде беттердің жылжуын анықтауға мүмкіндік береді. Жазық Дилатометр күнделікті алаңдық зерттеулер үшін пайдаланылады, ал оның әрекет ету қағидаты топырақты зерттеудің қысым жасау технологиясына негізделген.
Дилатометрмен жұмыс істеуге оқытудың шеңберінде сондай-ақ Дилатометрдің алаңдық сынаулары жүргізілді.
ҚазҚСҒЗИ мамандары мен Диего Маркетти құрал жұмысының эксперименталдық тексеруін жүргізу үшін Алматы өңірлеріне шықты.
«Дилатометрді пайдалана отырып бізге қажетті тереңдікте топырақтың деформацияланушылық және беріктік параметрлерін алдық. Бұл параметрлер Еурокодтардың талаптарына сәйкес келеді, бұл негіздің тірек қабілетін және деформациячланушылығын дұрыс және дәл бағалауға мүмкіндік береді. Дилатометрдің көрсеткіштерінің көмегімен біз негізді кез-келген құрылыс алаңында, құрылыс процесінде, құрылысқа дейін және кейін де бақылай аламыз. Өкінішке орай, осы күнге дейін Қазақстанда Еурокодтарда жазылған талаптарға сәйкес келетін құралдар болмады. 2020 жылы Қазақстан құрылысшылары Еурокодтарды толықтай пайдалануға өтетін болғандықтан, осы құралды сатып алу алаңдық сынауларда дамытудағы үлкен оқиға», - деп санайды Виталий Хомяков, профессор, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Негіздер, іргетастар және сейсмикалық шағын аймақтандыру секторының аға ғылыми қызметкері.