Қазақстанда шамамен 6 миллион адам сейсмикалық өңірлерде тұрады, сондықтан сейсмикаға төзімді құрылысты дамыту - біздің еліміз үшін өзекті тақырып.
Ғалымдар мен құрылысшылар апаттарға төтеп бере алатын ғимараттарды жобалау және құрылысын салу үшін көптеген жылдар бойы жұмыс істейді. Конструкцияларды күшейту әдістерінің бірі - сейсмикалық оқшаулау, яғни, арнайы конструктивтік элементтерді пайдаланудың есебінен құрылысқа түсетін сейсмикалық жүктемелерді азайту.
2015 жылы Еурокодтардың негізіндегі құрылыстағы жаңа нормативтік базаны енгізумен Қазақстанда сейсмикалық оқшаулауды қолдану үшін толыққанды нормативтік-техникалық құжат пайда болды ("Негіздерді оқшаулау" 10-тарауы).
Владимир Лапин, техника ғылымдарының кандидаты, ҚазҚСҒЗИ Ғылыми хатшысы және Сырымгали Ержанов, техника ғылымдарының кандидаты, Ғылым жөніндегі бас директордың кеңесшісі "Сәулеттегі және құрылыстағы заманауи трендтер: энергиялық тиімділік, энергия үнемдеу, ВІМ технологиялары, қалалық орта мәселелері" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында сейсмикалық оқшаулағыш іргетастардың негізгі типтері туралы баяндамасын ұсынды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда қолданылады: кинематикалық іргетастар, фторпласттан жасалған төсемдері бар іргетастар, сфералық сырғу беттері бар үйкелме, құрамдастырылған тіректер, сондай-ақ кинематикалық іргетастардағы құрама ригельсіз қаңқа жүйесі, SHOLCOR платформалық жұмысы және созылғыш блоктардың негізінде сейсмикалық оқшаулау жүйесі әзірлеу сатысында.
Біздің әріптестеріміздің баяндамасы конференцияға келген неміс мамандарының үлкен қызығушылығын тудырды.